Қоңыр аю мен ақ аю – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Қоңыр аю мен ақ аю» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қарап тұрсаң кітаптағы,
Суреттері тартымды.
Қоңып аю, ақ аюдың,
Түр мен түсі әртүрлі.

Қоңыр аю ыстық жазда,
Мекен қылған орманды.
Оның жүні сондықтан да,
Ағаш түстес болғанды.

Назар салсаң осы тұста,
Ақ аюдың сеп-семіз,
Жүрген жері кәрлі қыста,
Қалың қар мен көкше мұз.

Көрсең ұсақ, ірісін де,
Еске сақтап қал мұны.
Туған жердің түр-түсіне,
Ұқсайды екен барлығы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері