Өлең, жыр, ақындар

Сәйгелді, сона, бөгелек

  • 10.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3537
Сәйгелді, сона менен бөгелекті,
Үшеуі халфе сайлап көбелекті.
Мекен-жай, қоныс қарап тұрақ үшін
Кезіпті дамыл көрмей төңіректі!
Жолдас боп бірі-бірін қимас болды,
Дәнеме ғұмырында жимас болды.
Ұшып-құс, жүгіріп аң бола алмады,
Ешкімге керексіз боп, сыймас болды.
Дүние кезді әркімнен сұрап қоныс,
Желге ұшырып өмірін босқа жүріс.
Ешбір мақұлық маңына жолатпады,
Көрмеді төртеуін де бір жан дұрыс.
Жауабы сұрағанға беретұғын,
Соңынан жүгіргеннің еретұғын.
Сәйгелді айтты: - Қонамын жеген жерге,
Инем бар деп, - етіңе кіргізетұғын!
Сона айтты:
- Жер бар ма, - деп, - мен баратын?
Сөзімді бар ма , - деп, - жан аңғаратын?
Дәрігермін жергілікті хатымгерде,
Банкам бар - даяр бойда қан алатын.
Бөгелек ойламайды мен қалам деп
Жеңілмін, титтей желмен қозғалам,-деп.
Жыршымын неше түрлі күй білетін,
Сембестен (Тынбастан) талмай жағым ән салам!-л»'|||
Көбелек мақтанады:
- Шұбармын! - деп,
Қайда мисыз, ойсызға қонармын! - деп.
Ұйқы мен мас қылатын қонғанымды,
Жазылған жергілікте тұмармын! - деп.
Көтерді сиыр мұрнын мақтанумен,
Ісі болмай ойланып, сақтанумен:
Сәйгелді, инең болса, маған келші,
Мүйізім бар шыңдалған қақталумен.
Үмітім бар тиер деп маған пайдаң,
Жұртсың ғой толып жатқан әр түрлі айлаң.
Қона бер мүйізіме түк етпейсің,
Инең түгіл қырық жерден болса найзаң!
Түйе тұрып мақтанды:
- Құлақ салың!
Мен емес шыдамы жоқ күйкі малың.
Ничего, банкаң маған түк қылмайды,
Икемге көнбейтұғын терім қалың.
Тоса берді, мақтанып жылқы жа жон:
Менде бар, - деп, - боранда тоңдырмас тон.
Айғайға дәуірлейтін жыным бар-ды,
Жыршы болсаң, бөгелек, кел, маған қон!
Орын алған ақылының көзінде орыны,
Ісі жоқ төрт аяқты хайуан құрлы.
Шұп-шұбар боп тұрған соң құмар болып,
Шақырды көбелекті қазақ сорлы.
Сәйгелді қонды сиыр сауырына,
От тисе байқатпайды бауырына.
Шыбын-шіркей боп жонға шығып кетті,
Келуге қолы тимей ауылына.
Түйенің қанын келіп сона сорды,
Қайнатты қалай қылып қалың сорды?!
Шарасынан шығумен екі көзі
Қарсы алдында тұрса да, көрмей орды.
Жылқының жыршы үйелер ауызына,
Ем тапшы енді мұның жауырына!
Бөгелек қонар жерін өзі біліп,
Шап етті шап пен қолтық, бауырына.
Әніне бөгелектің мас боп қалды,
Көкіректе-дерт, көзінде жас боп қалды.
Ызылдап бір бөгелек жетіп келсе,
Бір мың жылқы иіріліп, тас боп қалды.
Асындай атасының даяр тамақ,
Тамақсыз ашылмайды бір күн қабақ.
"Оқымай молда болған тақсыр-ай!"-деп,
Қазакең көбелектен алды сабақ.
Мәз болып көркейткенге ат пен тонын,
Тосырайтып ту биедей сыртқы жонын.
"Жетілдік, жетістік!"-деп, мәз боп қалды,
Көбелек қанатына сүйкеп қолын.
Қазақтың молдасы бар көбелектей,
Жүреді қайда от болса, төңіректей.
Дайын жоқ, тұрақ та жоқ, ойсыз, мисыз,
Ұшады, тек жел болса, ебелектей.
Қазақтың, Хаққа мағлұм, білімі азы,
Арсалаң, әр қоянды қуған тазы.
Сәйгелді қуған сиыр сықылданып,
Жүреді шапқыласып қысы-жазы.
Болады: киім киіп, белін буған,
Өнерден қазақ қолды ерте жуған.
Далаға, қалаға да шапқылайды,
Түйедей тайраңдасып сона қуған.
Көз салып қарамайды төңірекке,
Талап қып ұмтылмайды не керекке!
Шұлғып, қалғып қалады басын изеп,
Тас болған жылқыдай боп бөгелекке,
Сен түспейтін(түсінбейтін) парсы мен араб тіл[і] ме
Ерегіссең, ерегіс, білме-білме!
Көбелектен жоқ титтей бөтендігі
Халық қатары жаралған қазақ тіл[і] ме?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көшпелі болған жұрттың шаруасы бар

  • 1
  • 0

Көшпелі болған жұрттың шаруасы бар,
Сарт, ноғай жан сақтайды саудасы бар.
Жезқұйрық жапалақпен жемтіктес боп,
Сұрайтын бір-бірінен сауғасы бар.

Толық

Жігіт назы

  • 0
  • 0

Жастықтың заманы өтті жалдайтұғын,
Өмірдің уақыты жетті алдайтұғын.
Көз салып, көңіл қалап (қалып), тауды алып,
Баяғы күй[ің] бар ма таңдайтұғын?!

Толық

Малсыз дала

  • 0
  • 0

Кең дала, қалдың адыра көркің кетіп,
Жұрт қалып мал жаюдан өрістетіп.
Әр сайда қора менен мола қапты,
Иесіз тау, елсіз қыстау, - барсаң жетіп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар