Әжем – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Әжем» атты Сәбит Мұқанов жазған әже туралы өлең берілген.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 2471
Алпысқа аяқ басты менің әжем,
Алпыс жаста «кәрімін» деді ме әжем,
Отпен ойнап, күлменен арпалысып,
Алпыс жаста алған жоқ демін әжем.
Әжемде бір тыным жоқ ылғи еңбек
Өмірдің талай дәмін татты кермек.
Таңертең сиыр сауып, құрт қайнатып,
Күндіз де күнге күйіп тоқиды өрмек.
Маңдайы қызған күніне шып-шып терлеп,
Тергенде термелерін ермекті ерлеп,
Мәнерді нешетүрлі шығарады,
Әр еңбектен туғызып әдемі өрнек.
Өрмегін әжем жатқа емес бермек
Өзі тоқып, қызығын елі көрмек.
Бір термесін жібермек баласына,
Хат жазған: «Әже, маған жұлдыз тер» деп
Әжемнің ұршығынан тасиды өнер,
Қарасаң, көзің оған емес сенер,
Қызартып, нұрлы күнге шағылдырып,
Тоқуға қызыл жұлдыз қандай шебер!

1925


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері