Абадан – Мерей Қартов

Бұл бетте «Абадан» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 812
Тәңір-Ійем – Тау.
Ақпан...
Нұр бусанта, таң атқан.
Сирағымда – жау-қақпан.
Айға қарай із салған
абадан ем, аулақтан.
Арлы Түзін Арқаның
Ақылыма артамын.
Тор-қамақта торығып,
Ой ішінде жортамын.
Апаным-ай, киелім,
Енді, саған ійе кім?!
Көп иттердің,
Ұлып-ақ,,
Сырқыратқам сүйегін.
Жол үстінде азығым,
Алты қарыс азуым.
Маңдайыма мөрлеген
Тағдырымның жазуын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері