Өлең, жыр, ақындар

Жиырма беспен сырласу

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1608
Ей, жиырма бес, қош келдің,
Ақтарайын сырға сыр,
Қайтайықшы гүл теріп, меніменен қырға жүр.
–Не тындырып, не қойдың маған дейін, – дейсің бе,
Үйлендіріп достарды қолым тимей жүр қазір.
Бақыт болып тек қана, қуаныш боп көз алдым,
Жиындарда, тойларды шалқып тұрып сөз алдым.
Ішіп алып биледім ұстап сұлу белінен,
Өзім думан әйтеуір, өзім ғана базармын.
– Қандай, қандай жүректен жұрт сүйсінер жыр
естісең?
– Алқа топтың алдында күш сынастым, күрестім,
Шыдай алмай намысқа шатасып та қалдым мен...
– Менен басқа қоя қой, естімесін мұны ешкім.
Бозбала емес ду құмар, ақыл ойың еңселі,
Дырдуды қой, ей жігіт, ер етемін мен сені.
– Лапылдайтын, жанатын нағыз, нағыз кезім бұл,
Мен дайынмын, жиырма бес ,
Не істесең де өзің біл!
***
Шымырлатып мөлдір сезім бұлағын,
Сүрінсем де қарсы ап өмір сынағын.
Жиырма төрттің өрін артқа қалдырып,
Талайлардың жүрек отын жандырып,
Жиырма беске шығамын.
Біреулерге ұнамай,
Біреулерге ұнадым.
Болашаққа сенім артып тұрса күн,
Енді сірә, қуа алмаспын құр сағым.
30
Білем және білем және ағаның:
«Бұздық талай асау сезім, тоғанын,
Сенің әлі өз дауысты жоқ әнің».
Деп келіп бір, деп келіп бір ұрсарын,
Ренжітпе мені алау, нұр шағым.
Жүрегіме бір сәуле құй тек менің,
Бақыт гүлі- өр кеудеме еккенім.
Белгісіздеу болып еді келгенің,
Жиырма бесім балауса гүл, көктемім.
Белгісіздеу болса және кеткенің,
Онда менің көз тартпайды өрмегім,
Балым емес, боп кеткенің кермегім.
Өзің жайлы қалмаса есте бір қызық-
Онда менің,
Онда менің...
Өлгенім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыз ұзату

  • 0
  • 0

Қырдың қызыл қызғалдағы тәрізді,
Құлпырса қыз арайланар таң ізгі.
Бойжеткен соң қыздың жолы жіңішке,
Ауыл – аймақ аңдып жүрер әр ізді.

Толық

Ынтызар отым едің

  • 0
  • 0

Ынтызар отым едің,
Таңым бар қозасына әлі суы құйылмағанына.
Бөтенсің. Өкінемін,
Сенің бал-шырыныңның өзіме бұйырмағынына.

Толық

Ақтарсам деп өзіңе лағылын сырдың

  • 0
  • 0

Ақтарсам деп өзіңе лағылын сырдың,
Мен жүрек әміріне бағынып жүрмін.
Келіскен түгіл, керіскен шақтарымды да,
Сағынып жүрмін.

Толық

Қарап көріңіз