Жастық жыры

Бұл бетте «Жастық жыры» атты Айтуар Өтегенов жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1487
Ей, өмір,
Сырыңа әлі-ақ қанығамын,
Өзіңнен бақыт қана танығаным,
Демеймін, қамығамын, жабығамын.
Жігерім-шар қайраққа жанығаным,
Ән бар болса жүректі дір еткізер,
Ол-менің әнім.
Менің әнім –
Дүние қорек қылған,
Жер-Ананы думанға бөлеп тұрған,
Таңғы шықтай мөлдіреп ерек тұнған.
Соным үшін жастық деп аялайды,
Соным үшін өзгеден ерек тұлғам.
Күтсін алдан ор қазған, тор қамаған,
Демен әсте қаймығып, «қорқам одан».
/Мақсаты жоқ түн кезіп жорта ма адам/.
Мың батпанын арманның арқалағам,
Соным үшін шарпысып от көздерден,
Менің тойым базары тарқамаған.
Дауысы сәл айқындау естілді ме,
Менің тойым жібермес ешкімді де –
Күмбір-күмбір күйіңді төгілдірмей,
Шай құйдырмай қыздарға көгілдірдей.
Мергенге оғын жүзіктен өткіздірмей,
Жүйріктерді көмбеге жеткіздірмей.
Ақын болса шырайлы жыр естірмей,
Палуанды алқада күрестірмей,
Сөйтіп бәрін сынақтан өткізіп ап,
Жеңімпазға бәйгені үлестірмей.
Менің тойым –
Осылай ән болады,
Қызықтырар, қызғантар сән болады.
Батырлық пен сұлулық таңдағаны,
Жігіт емес, бұл кезде жанбағаның.
Олай болса ей, өмір,
Жастық деген,
Дүниенің сөнбейтін Мәңгі Алауы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастық жыры өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Жастық жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жастық жыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жастық жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері