Мұқағалиға арнау – Сайлауова Гульназ Даулетовна

Бұл бетте «Мұқағалиға арнау» атты Сайлауова Гульназ Даулетовна жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мысы құрып даңғойлардың бір күнде
Аспанға ұшар еді ау бөркімде
Алайда,амал қайсы жыр аға?
Әмір жүрмес,уақыт деген шіркінге
Өнеріңіз ұрпақ үшін дара шың
Алатаумен тапқан әр кез жарасын
Жырларыңыз жүректерді жібітіп
Жалғайды өлең жырдың арасын.
Менде өзіңдей қара өлең сүйгенмін
Шабыттана жыр жазатын күйге ендім,
Сіз арқылы поэзияға ғашық боп
Сіз арқылы шыншылдықты үйрендім.
Жырларыңды жиі оқысам жан аға ау
Бір өзіңмен сырласқандай боламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар