Сүйемін сені

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1170
Сүйемін гүлді,
Бөліскен менімен сырды,
Аялап тұратын жырды.
Сүйемін көкті,
Нұр суын төкті,
Жауыны бетімнен өпті.
Сүйемін тауды,
Тәкаппар тұлғасы асқақ,
Басынан ақ бұлттар ауды.
Сүйемін өзіңді, дала,
Жаныңда болса егер жара
Емдейді ол!
Оны дос сана.
Сүйемін сені, жер-ана,
Тірлікте, толғауы тоқсан,
Тірегім бір өзің ғана.
Сүйемін, көлдер, өзен,
Керіп ап аппақ желкен,
Қайықпен арман кезем.
... Сүйемін сені,
Азапқа салсаң да мені,
Бір өзің – көңілдің демі.
Сүйемін сені...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйемін сені өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Сүйемін сені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сүйемін сені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйемін сені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері