Тек өзің

Бұл бетте «Тек өзің» атты Бақберген Арысланбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кеш қарайып барады, тез қарайып,
Келші қалқам, бірге соған қарайық.
Саған дəл осылай айта алмаған,
Сенде емес, өзімде ғой бар айып.

Айталман, не деп айтам, қақым бар ма?
Жақындаспақ не керек жақындарға..?
Патшаларға берілген сол заңдылық,
Берілмеген патша көңіл ақындарға.

Қараңғыда тағы өзім жалғызбын,
Саған деген құмарлығым нағыз мұң.
Қорқпаймын ертегі жүрегімнен,
Соңы жақсы аяқталар аңыздың.

Тек өзіңді еске салар атырап,
Шытырлайды жел өтінде жапырақ.
Шегіртке шырылдайды тынымсыз,
Қара түннен тыныштықты тартып ап.

Тек өзіңді еске салар қара аспан,
Жымыңдасқан жұлдыздары жарасқан.
Тек өмірім сезімімді сезбейді,
Көлденең кеп өзімменен санасқан.

Мен сені неліктен аңсағанмын,
Неліктен тек өзіңе тамсанамын?
Түн де өтер, дүние мұңая ма..?
Өзіңсіз қарсы аламын таң самалын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тек өзің өлеңінің авторы кім?

Бақберген Арысланбаев — осы өлеңнің авторы.

Тек өзің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тек өзің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақберген Арысланбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тек өзің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер