Өкпелемен байлығым сарқылғанға

Бұл бетте «Өкпелемен байлығым сарқылғанға» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1299
«Бір тойым болатыны сөзсіз менің...»
Т. Айбергенов

Ұқсататын Айыма,
Ғашығым бар,
Асығыңдар, тойыма,
Асығыңдар!..
Демеңіздер бөсуін, ей, мынаның,
Сезген жоқпын мен әзір қайғы барын.
Бақытымды үйіме енгізерде,
Достарым,ағыл-тегіл той қыламын.
Той қыламын,
Күмбірлі күй төккізем,
Мың бұралтып қыздарды билеткізем.
Керек десең жазыққа ат шаптырып,
Жігіттерге көкпар да сүйреткізем.
Шалқып жатсын әлемге тарап күй-ән,
Ұшып жатсын аспаға борап қиял.
Аққайнар ақ көбігін бұрқыратып,
Ішпейтіндер ауызына шарап құям.
Өкпелемен байлығым сарқылғанға,
Айналдырам ол кештің артын таңға.
Менің көңілім, сәулеммен бітсін десең,
Жарқылдаңдар,
Достарым жарқылдаңдар.
Мен өзімде сол кештің күйі болам,
Бал шаттықты жанарға құйып алам.
Осы сәтте мен тұңғыш сәулешімді,
Жасқанбай жұрт көзінше сүйіп алам.
Әлде мен құр қиялмен тасыдым ба,
Теңемесін жұрт мені жасық ұлға.
Шындықты ұққың келсе ей, достарым,
Асығыңдар,
Тойыма асығыңдар!
Ұқсататын Айыма,
Ғашығым бар!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкпелемен байлығым сарқылғанға өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Өкпелемен байлығым сарқылғанға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкпелемен байлығым сарқылғанға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкпелемен байлығым сарқылғанға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері