Өлең, жыр, ақындар

Мың-­мың алғыс үйемін

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1116
Студент кез жүрек жаулар тетікті,
Тапқан сөзім арманына жетіпті.
Гүлдей нәзік аққұба қыз
Бәйбіше
Болғанына елу бес жыл өтіпті.
Жасырмайтын дос­-жараннан сырым бар,
Таттым ләззат, Мәриям, сенен шырын-­бал.
Тәубе деймін, төрім толды қызыққа,
Мақтан етер қызым және ұлым бар.
Ұл ұясын, қыз қиясын табатын,
Кең жайылды шартарапқа қанатым.
Өз қызымдай болып кетті Ракетам,
Өз ұлымдай көрінеді Маратым.
Дархан дүние ақ ниеті кең еді,
Ата­бабам аруағы мол жебеді.
Арман, Дана, Әдия – үш немерем,
Әділ атты шөберем өсіп келеді.
Балапандар ақ тілекті ақтасын,
Жол ашылсын бәріне де сәтті, асыл.
Тілейтінім ертелі-­кеш – қашанда
Тіл мен көзден тағдыр есен сақтасын.
Өзімді өзім қиял құсқа теңеймін,
Жонда жортқан жезкиікті жебеймін.
Туа жалғыз болсам-­дағы, өмірде
Жүре­жүре достарыммен көбейдім.
Игі жақсы дәмдес болды елдегі,
Кенші­ақын боп шабыт қанат сермеді.
Қарақалпақ, Мәскеулетіп оралдым,
Соның бәрі Мәриямның еңбегі.
Сол үшін де мың­-мың алғыс үйемін,
Пәк мінезін көкірегіме түйемін.
Той үстінде «ащылатып», ағайын,
Мәриямды екі беттен сүйемін!

24.12.2010



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақтың асыл ұлы

  • 0
  • 0

Қазақтың асыл ұлы
Әбілқас Сағыновқа
Қазақтың көзін жұмды асыл ұлы,
Кәкімбек Салықов

Толық

Мағжанның бір өлеңі

  • 0
  • 0

Үлкен өлең көңіл толар көлемі,
Мағжан аға «Сағындым» атты өлеңі.
Абақтыда Алла сыбыр еткендей,
Бой тастапты бостандықтың елеңі.

Толық

«Қазақ елі» – ерен-ғайып мұнара

  • 0
  • 0

Зәулім­заңғар мұнара – ел айғағы,
Елорданы ерекше аралайды.
«Самұрық­-Ана» аспанға қанат жайса,
Ұшқан құс та бас иіп қарайлады.

Толық

Қарап көріңіз