Өлең, жыр, ақындар

Ұлы тұлға

Ұлы тұлға, халқының ойшыл данасы,
Қазақтың дара туған баласы.
Өзге түгілі, өзіңе жұмбақ нар едің,
Арысты туған киелі қазақ даласы!

Батырға қару берсең қорғар елді,
Абайға қару емес, қалам берді.
Көк сиямен, ақ параққа сөзін жазып,
Өлеңінен келер күннің ізін көрді.

Өтті күндер жарық сәуле түспеген,
Қазақты білімсіз, қараң деген.
Сол қараңғы қапастан алып шыққан,
Ұлы Абайды жарық сәуле, күнім деген.

Қырағы көз болашақты көре білген,
Ақылдың нәр бұлағы бола білген,
Қайран жұрты қазақтың қамын ойлап,
Ата емес, ел баласы бола білген.

Қазақ бар ма, Абайды оқымаған?
Асыл сөзін санасына тоқымаған!
Абай жолы дара жол, бір шытырман,
Мұхтар ғана Абайды Абай қылған!

Елдігімнің асырайын мерейін,
Мен жырымды жалпақ жұртқа төгейін!
Дәл өзіңдей асқақ ақын, данышпан,
Болмасам да, ұқсап бағып көрейін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз