Өлеңдер Бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (12)

Отанын сүйген өрендер (Ауған соғысы жауынгерлеріне арналады)

Қыршынынан қиылды талай боздақ,
Қызыл қанға боялды майдан- аймақ.
Кеудесін Отан үшін отқа тосқан,
Батырларым мәңгілік үлгі болмақ!

Толық

Өмір мәні

«Өмір деген не?»- деп бір ғалымнан сұрадым,
«Өмір деген- еңбек»,- деп берді маған жауабын.
«Еңбек – өмір, рас па?»- деп, сауал қойдым тағы да,
Жымиып бір күлді де, жақындады жаныма.

Толық

Аяулы ана

Аяулы ана - ақ жаулығы желбіреген,
Асыл ана - жарық сәуле, өмір берген.
Саялаған бәйтерегім, анашым
Шаршауды да, талуды да білмеген.

Толық

Ұлы ел

Батырлары елін сүйіп қорғаған,
Ақындары дархан жерін жырлаған.
Көзде жалын, кеудеде намыс алаулап,
Талай нәубет өткерсе де, талмаған.

Толық

Желтоқсан

Желтоқсан - ызғарлы жел соққан күн,
Желтоқсан - жүректерді оятқан күн.
Талай ғасыр аңсаған қазақ үшін,
Тәуелсіздік бағасы биік –ақ тым!

Толық

Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім

Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім,
Өзіңмен бірге өрге басып келемін.
Талай ақын, батырлардың ордасы,
Мен өзіңді шын жүректен сүйемін.

Толық

Қан майдан

Қаруланған жауыздар қырып-жойып,
Саналарға өшірілмес белгі қойып.
Мақсаты жаулап алу сол жерлерді,
Өздері алатындай жерді ойып.

Толық

Ұлы тұлға

Ұлы тұлға, халқының ойшыл данасы,
Қазақтың дара туған баласы.
Өзге түгілі, өзіңе жұмбақ нар едің,
Арысты туған киелі қазақ даласы!

Толық

Сүйіспеншілік жүректе

Сүйе біл сен, туған өлкең, еліңді,
Кең байтақ, ен далалы жеріңді.
Сүйе біл, сен, қазақ елің айбынды,
«Қайсар Қазақ» атты халқыңды.

Толық

Ана тілім – байлығым

Ана тілім сен арқылы ән айтам,
Ана тілім сен деп бүгін жыр жазам.
Ана тілі - сені сыйлай алмасам,
Ел-жұртыма сұрағанда не айтам?!

Толық

Тұңғыш президентім

Ұлы тұлға,дана тұлға,Елбасы!
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар дарасы.
Күш-жігерін арнады ұлы іске,
Көркейсің деп қазақтың байтақ даласы.

Толық

Қайырымдылық-жүректе (Рак ауруына шалдыққан Аспет Қожахаеваға арналады

Бұлт торлаған күн болар әр адамда,
Сырқатқа душар болу - қас-қағымда.
Өмір-ай, қилы-қырлы, тегіс емес,
Құдайым сынақ берер сүйген жанға.

Толық

×