Отанын сүйген өрендер (Ауған соғысы жауынгерлеріне арналады) – Санжар К

Бұл бетте «Отанын сүйген өрендер (Ауған соғысы жауынгерлеріне арналады)» атты Санжар К жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қыршынынан қиылды талай боздақ,
Қызыл қанға боялды майдан- аймақ.
Кеудесін Отан үшін отқа тосқан,
Батырларым мәңгілік үлгі болмақ!

Жүрді олар атылған оқ арасында,
Ешбір үн шығармайды қиналса да.
Төзеді сабырменен қиындыққа,
Өйткені Отан қорғау санасында.

Жылайды, еңірейді аналарым,
Сарғая күте-күте балаларын.
Өмірі ботасының қыл үстінде,
Анасы қайдан білсін не қыларын?!

Ерлігін қырандардың білді мекен,
Оралды сондағысы саяқ - некен.
Бірі – аман, бірі- кемтар болса-дағы,
Біздерге үлгі екенін білді ме екен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар