Қан майдан – Санжар К

Бұл бетте «Қан майдан» атты Санжар К жазған соғыс туралы өлең берілген.

Қаруланған жауыздар қырып-жойып,
Саналарға өшірілмес белгі қойып.
Мақсаты жаулап алу сол жерлерді,
Өздері алатындай жерді ойып.

Қан соғыс ешкімді де аямады,
Балаға, кәрі – жасқа қарамады.
Бейбіт күнді аңсады қайран жұртым,
Тыныштығын бұзды ғой ел жаулары.

Майдан қатал еді сондай неткен,
Көнесіздер бостан-бос, текке кеткен.
Қиналып, азап көріп, самғай алмай,
Қазағым осы күнге бұлай жеткен.

Өтті, міне, 70 жыл сол болғалы,
Қазір де батырларға жыр арнаулы.
Ұмытпай, үлгі тұтып, құрметтейміз,
Ерліктері жүректерде шын сақтаулы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар