Тас көрсем де жүзіне елең етіп –
Кәкімбек Салықов
Бұл бетте «Тас көрсем де жүзіне елең етіп» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тас көрсем де жүзіне елең етіп,
Суреттеймін гүлдей пәк өлең етіп.
Бір өлеңім біткенде тағы бір ой,
Ұмтыламын соңына ере кетіп.
Кеншіліктен үйренген қимылекпін,
Қажымайтын қарқынын өнеге еттім.
Тоқырау жоқ, тоқтау жоқ,
Жаны бірге,
Шабыт деген құлымын кереметтің.
Ақ қағазбен ашылар дұрыс алаң,
Ізгі тілек бастырмас бұрыс қадам.
Өрге басқан жүйрікше өршеленіп,
Ауыр жұмыс үстінде тыныс алам.
07.12.2009.
Астана
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі