Шын махаббат сөнбейді
Бұл бетте «Шын махаббат сөнбейді» атты Кәкімбек Салықов жазған махаббат туралы өлең берілген.
-
admin
- 17.12.2024
- 0
- 0
- 1277
Көргенде жанарыңды тостағандай,
Ұмытам келгенімді жасқа қандай.
Ұстамдық жасай алмай құлшынамын,
Құштарлық бір бүлікке бастағандай.
Тұрасың құлпырғандай кіл таза гүл,
Сол кезде ағындатам жыр ғажабын.
Сөзге орап, ажарыңды әнге бөлеп,
Басамын аңсау-сусау мың азабын.
Сүйсінем келбетіңе елжіреген,
Жалғаймын жан сауалын ем тілеген.
Көңілге көзден тайсаң елестейсің
Желкендей көк теңізде желбіреген.
Жан тумас сағынышқа мендей бекем,
Қарсы жел қырсығына көнбей өтем.
Дақ түспес пәк сезімге тіршілікте,
Ешқашан шын махаббат сөнбейді екен.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі