Жүректе дақ қалмасын
Бұл бетте «Жүректе дақ қалмасын» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасымнан жақын дос еді,
Жоқ жерде қатты қағыстық.
Айырмастай қос елі,
Қайтадан бүгін табыстық.
Арылар көңіл зілінен,
Сөз болды өткен ағаттық.
Ескі достық тілімен
Жүректі жүктен тазарттық.
Қимастық орнап әлемі,
Жаңадан бекініс салыстым.
Кеткені әнтек бар еді,
Кешірдім келмей қарысқым.
Түзесең, досым, үніңді,
Табарсың менен жалғасын.
Бар тілегім бүгінгі –
Жүректе дақ қалмасын.
18.06.2012
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі