Дағдарыс жайлы толғаныс – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Дағдарыс жайлы толғаныс» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 785
Бұл – әлемдік дағдарыс,
Орманда жанған өртпен тең.
Есесін таппай бар табыс,
«Барыңды» етер «жоқпен» тең.
Түсімді шексіз орғанда,
Қалтаға түпсіз салады.
Алпауыт әбден тойғанда,
Азайып табыс қалады...
Деп бір кезде түсінді ел,
Идеологиялық айтыста.
Қайталап соқты бүгін жел,
Бармастай ескі тартысқа.
Қаржы емес бәрін бүлдірген,
Алпауыт дерті ұлғайды.
Өкпесі ақау білдірген,
Өксігін әлем тыңдайды.
Кілт біреу өмір сүретін,
Достасып әлем жаңылмас.
Дэн Сяопиннен артық білетін
Әзірше «кілтші» табылмас.

22.05.2009


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері