Көктем
- 0
- 0
Күн жылына бастады, көктем келді,
Ұнатамын бетімен өпкен желді.
Шартылдайды найзағай көк аспанда,
Салып жатыр қып – қызыл отпен белгі.
Бұл бетте «Құстар» атты Тұманбай Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба,
Қатығыңды түндегі шайқадың ба.
Құлшынасың толқындар алып қашып,
Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.
Наурыз келді ауылға нарға мініп,
Қаңқылдап жүр аспанда қарға күліп.
Жадырайды дүние жарқылдайды,
Жақын келіп қалғандай алдағы үміт.
Ай қарады көгілдір көл бетіне,
Қыз қарады көлдегі келбетіне.
Қосылды да, қос сәуле құшақтасты,
Мөлдір толқын төсінде тербетіле.
Жайлау ғой мынау жарасқан
Арал – төбе бауыры.
Төбеден неге әрі асқан
Сәулешімнің ауылы
Атам ұстап асау тайды, тізгіндеп,
Әкеп берді, мінсін бала біздің деп.
Қарғып міндім, қыр көрсетіп достарға,
Күнде мені жүретұғын жүз күндеп.
Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев
Қайтпай қалған қаздар
Құстар қайтты мың – мыңдап,
Туған, өскен еліне,
Аңшы күтті мылтық ап,
Патрон тізіп беліне.
Болмаса да залалы,
Аңшыға жоқ жазығы,
Құмар оқ боп ажалы
Өшті қоңыр қаз үні.
Қаздан кетті жан шығын,
Жете алмай жұртына.
Обал қылған аңшының
Селт етпеді мұрты да.
Жатты қаздың денесі
Шалшық суда, қамыста.
Жаны бұлтқа ілесіп
Кетті ұшып алысқа.
Әміршіміз жаратты
Он сегіз мың ғаламды;
Оған неге оқ аттың
Уа, перзенті адамның?
Аттың аңды қызыққа,
Джиптерменен қуалап.
Қашты «Қызыл кітапқа»
Жек, бөктергі, дуадақ.
Серкелерден айрылған,
Кетті киік қаңғырып.
Қанатынан қайрылған,
Қаздың даусы жаңғырық.
Жаратқанға кесепат -
Қай билердің жарғысы?
Күнәсізге қиянат -
Тимейді ме қарғысы?
Түркі бабам зиялы,
Тәлімінен көргенім:
«Бұзба» - дейтін, - «ұяны,
Өрмекшінің өрмегін.
Қияс баспа үйілген
Құмырсқаның илеуін;
Жылан қусаң үйіңнен
Сүт құй, бірақ - тимегін.
Судың да бар сауалы,
Берекесіз шашпаңдар.
Тоқшылықтың сауабы
Бұлақ көзін ашсаңдар».
Техника озды да,
Сайын дала жұтады -
«Шөп шапқыштар» тоздырды
Ұя толған бұтаны.
Байтақ дала тың болды,
Жыртамыз деп жүн қылды;
Үйлесімі мың жылдың
Тозаң қауып, жым болды.
Тиім болмай түбінде
Егістіктен босаған
Жерді басты бүгінде
Селеу, қурай, ошаған.
Мүсін қойдық кезеңге,
Еске алып елігін.
«Жаңа қазақ» өзенге
Жуып тұрар көлігін.
...Түркі емес, гүн емес,
Кімбіз? Қайда барамыз?
Тәңір емес, дін емес,
Уқорғасын санамыз.
Жер мен көктің иесі,
Уа, пенде, сен емес,
Тиіп кетер киесі,
Оны ату жөн емес,
Оны атқан жөн емес.
Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев
Камила
өте жақсы өлеңдер маған ұнады
Сакен
Керемет өлеңдер екен осы каменттердегі маған Жанбайдың өлеңі ұнады
Сакен
Маған өлеңдер қатты ұнады
Ельдар
Құстар туралы тақпақ