Сайыс бар ма? – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Сайыс бар ма?» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1385
Сайыс бар ма?
Сәйгүлігін баптайды,
Қалай қайрат бір жұлқыспай тоқтайды.
Жиырма бестер дамылдауды білмейді,
Жиырма бестер түнде де ұйықтап жатпайды.
Жүрек деген алып-ұшып соғады,
Толқындардай ұрған жартас, жағаны.
Жиырма бестер шырқау биік шыңды асып,
Жиырма бестер жұлдыз болып ағады.
Жиырма бесте табар адам мұратын,
/Осы шақ қой үй-тұрмыста құратын/.
Жиырма бестер біле білсек өмірге,
Көрік беріп,
Желік беріп тұратын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері