Айман бұлақ – Мерей Қартов

Бұл бетте «Айман бұлақ» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 861
Айнадай Айман бұлақ,
Жағасы – жайлау-құрақ.
Ағады ағыл-тегіл,
Ақмаңдай сайдан құлап.

Сыңғыры керім еді,
Бұрымдай өріледі.
Асыққан алысқа тым,
Армандай көрінеді.

Бұлттар да қасқа құздан
Айманға жас тамызған.
Құлжалар суытады
Тұяғын, тасқа қызған.

Елік те еміреніп,
Айман да тебіреніп,
Үйлескен екеуіне,
Ақбеттің желі жерік.

Айнадай Айманым-ай!
Сүйеді Ай да құлай.
Ғаламат тылсымыңмен
Ғашық қып қойғаның-ай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері