Мезгіл – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Мезгіл» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 889
Мінезіңді кім білген
Жүйрік мезгіл қызықсың,
Жас кезімде мен жүрген
Құмға басқа із сызыпсың.
Мен жүгірген жас кезгі
Кетіпті құм өзгеріп,
Бала кезгі, тапшы ізді,
Таба алмассың кез келіп.
Жер келбетін өзгерткен
Күн құйып нұр жарығын,
Жаңа бір леп сездірткен
Өмірің қызық, ауылым.
Құмнан шығып қыратқа
Егіпті ел қырға дән,
Құйылады құлаққа
Бұлақтайын қырдағы ән.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері