Жағада шөккен құмы нар – Мерей Қартов

Бұл бетте «Жағада шөккен құмы нар» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 476
Жағада шөккен құмы нар,
Каспийдің мұңын кім ұғар?!
Бақсылар ғана түсінген,
балықтарының тілі бар.

Толқыны асау бурадай,
қайтейін мен де туламай.
Балақтан шалған балдыры,
шұбатылады шудадай.

Аққу мен қазы қалқыған,
шағаласы бар шалқыған.
Су майын -сүттей сіміріп,
қамысы-сәби аңқыған.

Қырынан есіп Қыдыр дем,
қызғалдақтары тірілген.
Шұбатын Айдың іңірде,
су перілері сімірген.

Әулие бұлттар аунаған,
толқыны, құмы тау маған.
Тылсымы терең-Каспийім,
жүрегімсің ғой аумаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері