Жалғыз қайың – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жалғыз қайың» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 949
Жабырқаған жалғыз қайың,
Мұң шағады көрген сайын.
Сағыныштан сарсаң болған,
Кім ұғады оның жайын?

Қайырмасы:
Жапырағы шөлдеп,
Жапанда жел тербеп,
Салады көңілге сары уайым,
Жалғыз қайың, арман,
Жалғыз қайың...

Сырласуға сыңар қайда,
Жалғыз қайың терең ойда.
Жалғызсырап, жаны жылап,
Қол созады күн мен айға...

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері