Тәуелсіздік тарихы
Даласында көңілсіздік көңілменен бір жүрген,
Осы күннің туатынын кім білген?
Желтоқсанда қаны тамған қазақтың,
Сол тамшыға өсіп шыққан гүлмін мен!
Кең жазира, құдіретті ұлы Отан,
Топырағыңды иіскеп сенің, дем жұтам.
Аспаным бар ала бұлттан босаған,
Айналайын алтын менің босағам!
Тәуелсіздік болмаса, ұғар ма едік?
Өзіміздің тілімізбен шығар ма едік?
Ардақтылар архивтен шыға алмай,
Қолдан алып, қолдан жасап қалар ма едік?
Тарихтың айқын енді алдамасы,
Қазақстан бірлік, достық жолдамасы.
Үш жүздің басын қосқан Абылай болса,
Ұлтты қосқан, бүгін міне, Ордабасы!
Мұз жастанып азаттықтың жолыда,
Қару-жарақ тұрды қазақ қолында. Енді боспыз, енді кімнен қаламыз?
Асып түсіп, тарихтан таңба аламыз!
О, Қазақстан,
Тәуелсіздік бабалардың тілегі,
Болашаққа үмітпен қарап, жымия бізге күледі,
Жаңа ұрпақ, жаңа мұрат түледі,
Қазақстаным, өзіңсің ғой гүл елі!
Әр қазақ, әр ұрпақ бала санасында,
Біз кірдік қой мына Ресей қаласына,
Аман-есен босатылып шыққаннан соң,
Кім қызықпас біздің қазақ баласына?
Бұның бәрін еске алып, көргеннен соң,
Қалай ғана үндемей қаласың, А?
Шүкір, бірақ жеттік қой ұлы арманға,
Таудай болып көрінген анда-санда.
Жақсы адамның өмірде бағы жанбас,
Қазақ әлсіз дегенге адам нанбас,
Тарихқа өтірікті нығып-тығып,
Болашаққа инедей орын қалмас.
Ұлт десе ешқашан тартынбадым,
Басқа елде "Қазақ" деп жарқылдадым!
Өзгелердің бәрін де басып озып,
Қаз даусымменен халыққа қаңқылдадым!
Елімнің туын ою алтындаған,
Елтаңбам пырақпенен жарқылдаған,
Әнұранын айтқанда халқым келіп,
Ішінде ешкім тұрып, тартынбаған!
Елімнің тұлғалары әрбір түрлі,
Әрқайсысы ерекше, сегіз қырлы!
Тарихтың қақпағы жабылса да,
Хаты бар, ішінде көп, үнсіз мұңды.
Тұлпардың тізгінін ұстап кетті,
Дамылдаған мін-боймен қуып жетті,
Басқалары тау шыңына шығып жатса,
Көкке шығып,өрлемей бізге нетті?!
Ата заңмен қазағым сусындаған,
Ұлы Қазақстан сенің алтын далаң!
Семсері бол қазақтың жарқылдаған,
Жалын оты көкейінде жалтылдаған!
Қабылданды төл теңгеміз, мың ойласам,
Ақ басты алып, анаммен шырайласам,
Бақыттымын деп мен қалай айта аламын?
Құрбандарды еске алып, мұңаймасам.
Жаңа заман келгенде жаһандандық,
Жан-жаққа біз бөлініп, тарамдалдық,
"Рухани жаңғыру" деген ұранменен,
Мәдениетін ғаламның "терем" дедік!
Міне, оңайлықпен келмеді бізге бақыт,
Шыр айналып, жүгіріп таптық жақұт,
Қадірлейсің, қастерлейсің, алайда...
Білмейсің ғой, іздейсің ғой, терлейсің.
Теңдесі жоқ, ғасырлы сағым далам,
Құдіретің жоқ қой, көзге бір шалынбаған.
Бойыңда бір күш бар ау білінбейтін,
Кім жықса да жеңілмейтін, тарынбаған.
Оңай сөз ғой "Отанды сүйем" деген,
Іс тынбайды "жанамын, күйемменен"
Өгей әке емес қой Отан деген
Отанды мен атамдай иемденем!
Атам Мұқағали ақын айтпақшы
Отанды қорғайықшы, жатпашы!
Зардаппенен келген мына, бостандықты
Құр жатпай, мәпелеші жалғашы!
Модератор
Сайысқа қосу үшін bilim2019 деген ілмекті қосу керек.
Тырнақшасыз.
Қаламды басып өңдеуге болады.
Анар
Өлеңнің авторы кім?