Бақыт деген – Жамбыл Ахатов

Бұл бетте «Бақыт деген» атты Жамбыл Ахатов жазған бақыт туралы өлең берілген.

Бақыт деген сенің арман қуғаның,
Сол арманға жетіп қарап тұрғаның.
Бақыт деген білімдерді меңгеріп,
Сол білімді ойға тоқып алғаның.

Бақыт деген шаттанғаның,күлгенің,
Бақыт деген аман-есен жүргенің.
Бақыт деген кей-кездері ыза боп,
Сол ызаны ақылменен жеңгенің.

Бақыт деген ең бастысы - Иманың,
Намаз оқып,сауап істі жиғаның.
Бақыт деген Құран оқып үйреніп,
Сол Құранға бар уақытты қиғаның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар