Ғажайып қала Шымкентім – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Ғажайып қала Шымкентім» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күмбез - аспан,
Күміс - су, жібек желі,
Ғасырлар тарихының куәгері.
Ұлы Жібек жолына орналасқан,
Азияның көрікті жәдігері.

Бабалар, арманының бекінгені,
Өркениеттің өрбісе өкілдері.
Құндылықтың ұйыған қаймағына,
Болашақтың айшықты жетілгені.

Күні күлген, күнгейдің түлегіне,
Миллионның гүл таққан жүрегіне.
Жастарының нұр тұнған жанарына,
Ерлерінің күш біткен білегіне.

Сәніне, салтанаты жарасады,
Еңбек сүйген адамға бақ ашады.
Өндірістің ошағы болған жерге,
Тоғыз жолдың торабы таласады.

Шұғылалы , шаһардың көнедегі,
Жылдары жетістікке кенеледі.
2200 жыл толған мекен,
Шынайы махаббатқа бөленеді,

Жасай бер! Жасара бер! Жасыл қалам!
Көкрегінің кеңдігін жасырмаған!
Маңызы бар мекенім елімізге,
Тілеулес саған байтақ асыл далам!
Жасай бер, Жасара бер! Жасыл қалам!
ҒАЖАЙЫП ҚАЛА ШЫМКЕНТІМ!
#жүректегіжазбалар
16.06.2020ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері