Қыз мұңы – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қыз мұңы» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1845
Сарғайттың-ау жанымның ақ гүлдерін,
Болардай-ақ бақытым нақ бір менің,
Көрініп ең,
Көзімнен бұл-бұл ұштың,
Сағындырып бір кезгі пәк күндерім.
Шарасыздан егіліп,
Тал қармағам,
Сүйген жанды осылай алдар ма Адам?
Күліп шықса біреуге күн күлімдеп,
Қабақ түйіп атады таңдар маған.

Шақтарым көп соларды
Елемеген,
Кемел уақыт шаттыққа кенемеген.
Жанарымның жасында жүзіп жүрді,
Елес болып,
Буалдыр кеме-денең.
Бәрі солғын,
Сезім де солғындаған,
Көз алдымда сол бейнең қол бұлғаған.
Кетерімде қалып ең «барамын» деп,
Жетеміз бе білмеймін,
Сол күнге аман?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері