Тұман торлап, сананы саудалаған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Тұман торлап, сананы саудалаған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 744
Тұман торлап, сананы саудалаған,
Таусылмайды сұрақтар қаумалаған.
Езілсе де ет-жүрек қасіреттен,
Маңғаздықты мен қалқам, таудан алам.
Сездірмедім келгенше шама-шарқым,
Күлер еді білсе егер, Алаш – артым.
Тілгілеген кеудемді батпан мұң бар,
Жайыменен жұрынның санасар кім?
Таусылғанда шегі шын тағатымның,
Сен алдың ғой астына қанатыңның.
Осалдығым сол менің – білсең, қалқам,
Көздеріңнен мейірім табатынмын.
Табатынмын жұмақтың зәйтүн бағын,
Көкейімде ән болып жәй тынбадың.
Тартылдың-ау шабытты күйім сынды,
Қайтар екен, білмеймін, қай күн бағым?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері