ƏЙ ӨМІР
Бекер-ақ өмір сүрдім бе,
Жасандылық күлкімде.
Бұл дүние өтер екен-ау,
Жақсылық жасадым –
Қол ұшын беріп кімдерге.
Қалдырып суық түндерге,
Тоңдырып қысқы күндерге,
Бұл дүние өтер екен-ау,
Көзді ашып жұмғанша
Желдей зулап бір күнде.
Өмір сүрдім бе бекер,
Бəрін-бəрі ұмытып кетер.
Біле білсең өткінші ғой,
Доста, Махаббатта,
Нөсердей бір сіркіреп өтер.
Ойлап ем бақыттымын деп,
Бойлап ем жан-тəнім деп.
Айла не, кетті ғой бəрі,
Көкіректен итеріп кеп.
Əй, өмір əділет қайда,
Берген сөз, серт қайда.
Əй, егер жалған болса,
Сеніп бауыр басып,
Жүргеннен не пайда?
Авторы: Серік Қозыбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі