Корейская косметика премиум класса

Тәуелсіздік--ел тірегі

Уа халқым! Менің де бар айтарым,
Құлақ салшы, ағайын-дос , қазағым,
Бүкіл халық жанын салып тойласа,
Мен қалайша ауыз ашпай жатамын.
Елімізге, жерімізге бақ қонған
Тәуелсіздік таңын мәңгі аттырған,
Құтты болсын ұлы тойың қазағым!
Қазақтарға үміт отын жақтырған.
25 жыл – толған екен бұл күнге,
Тыныштық пен бейбітшілік келдің бе?
Ел басына бақ пен дәулет қонғанда,
Бұл күніме тең келмейді еш нәрсе.
Осы елдің ұстаған оң тізгінін,
Өзі дара,ел үшін туған кісінің,
Жетістігі айтарлықтай алуан,
Көңілден шығар жүрегі қазақ – бірінің.
25 жыл - 25 қадам басқаны,
Алғашқысы БҰҰ-ға қанат қаққаны.
Қазақ елі жаһандық даму төрінде,
Қазық қағып, мықтап орнын алғаны.
Тарихымнан орнын алды – рәміздер,
Ел таңбамыз ел төріне ілінер.
Көк туымыз көк аспанмен таласса,
Әнұранға бар ма ұран тең келер?
Ауыл менен қалалардың арасын,
Жалғастырған алтын көпір арнасын,
Жүз мектеппен аурухана ісіне,
Жұмылдырған бар қазақтың баласын.
Дамудағы 25 жыл ішінде,
Қазақ елі елулердің бірінде.
Елбасының құнды, мәнді жолдауы,
Қазағымның жаңғырып тұр үнінде.
Жасап отыр, ТМД-ға басшылық,
Еуразия одағына – қосшылық.
Ұлт жоспарын ел алдына нақтылап,
Елбасының саясаты заңдылық.
Қазақ жерін «Жасыл елге» ораған,
Мұның соңын "Мәңгілік ел " қолдаған.
Бостандық пен бірлігіміз бірігіп,
Өркендеу мен тұрақтылық қалмаған.
Ассамблея- бейбітшілік айнасы,
Рухани бірлік – зайырлы ел қоймасы.
Астанамыз нұрын шашса әлемге,
Мәңгі жаса! Тәуелсіздік қаласы.
Нұр ағаның «Нұрлы жолы» жол салған,
Нұрлы жолым «Болашаққа» бастаған.
Келешектің кемелді, нұр күндерін,
Жас ұрпақтың білімімен баптаған.
Ел назары -ЭКСПО кемесі,
Бұл кешеннің еліме мол берері,
Халықаралық технология көрмесі,
Таң қалдырар әлі алда әлемді.
Жасай берсін! ел тірегі – Егемен,
Бар тілегім арналады жүректен.
Тәуелсіздік- ел тағынан таймасын,
Қазағымның болашағы жайнасын!


Қарап көріңіз


×