Жарығым-ай, миыңды миналадым – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жарығым-ай, миыңды миналадым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 917
Жарығым-ай, миыңды миналадым,
Қыл құрт екен адам деп сыйлағаның.
Сеніп едің, сенімің күл-талқан боп,
Сен жыладың, еріксіз қиналамын.
Қиналамын төзімім сарқылғандай,
Айырықша мен үшін нарқың қандай.
Түсінбестің қолына беріппін-ау,
Өз басымнан бақытым артылғандай.
Әулекілік – опынам, білместігім,
Опық жемей жалғанда күн кешті кім?
Сабақ болар әрине шалыстығым,
Маған қарап сол бақыт күлмес бүгін.
Отқа салдым қолыммен бәрін бақтың,
Емес еді мекені арым дақтың.
Шыдамаспын, қорлыққа шыдамаспын,
Бүгін түні бомбы боп, жарылмақпын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері