Жарыма – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Жарыма» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Жарыма.
Бақытым, барым басұрған,
Сүйдірген жарым жасымнан.
Жылдарым жылжып өтсе де,
Сезімім сөнбей тасынған.
Сенімді сатқан сəттерде,
Жүректі жауып жасырғам.
Бағалай білсең барыңды,
Бақытың кетпес басыңнан.
Тауыстың кейде төзімді,
Таппадым талай қасымнан.
Таңғы шық шайып көзімді,
Балама қарап басылғам.
Алдыңнан шықсам от кешіп,
Артыңнан ерсем жұмаққа,
Бұйырсын бізге сол несіп,
Түсірме тағдыр сынаққа.
Қуанса көзің - бақ маған,
Ойласам сені - шаттанам.
Махаббатымсың мəңгілік,
Жүрегімде сақтаған.
Алтынай Алиева 05.03.2018
#жүректегіжазбалар


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері