Қызыл шағыл – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Қызыл шағыл» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 909
Бәрі есімде, қырда асыр сап өскенім,
Бақытты шақ, бал дәуренді кешкенім.
Еңкейсем де, әлдеқашан әже боп
Балалығым жадымнан бір өшпеді.
Балалық сәт қас қағымдай өтер тез,
Қайда жүрсем қиялымда болар кез.
Ұмытылар кей сәттерім болғанмен,
Балалық шақ мәңгі есімнен бір кетпес...
Бізді-дағы алды күтіп кемел күн,
Кемелдіктен, айтшы неге кенелдім?
Бала кездің куәсі сол лағыл құм –
Қызыл шағыл, қайда көшіп жөнелдің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері