Сағынтып жылдар арада – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Сағынтып жылдар арада» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1004
Толқының тербеп жанымды
Сағынтқан сырбаз Жайығым.
Жағаңа тағзым етуге
Жете алмай жүрмін – айыбым.
Көктемде аңсап жағаңа
Жетсем деп қиял кеземін.
Ағынды арнаң шалқыған
Арманның жолы дер едім.
Сағынып сырбаз Жайығын
Әніне қоспас қай ұлың.
Жағаңа тағзым етуге
Жете алмай жүрмін – айыбым.
Қияға ұшқан сұңқарың,
Алыстан әнін шырқады.
Жағаңа қайтар жол іздеп
Артады ынтық іңкәрім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері