Туған жердің топырағы
- 0
- 3
Көк мөлдір аспанды мекенім!
Көгіңнен сенің қайтқанда қаздар қаңқылдап,
шарқ ұрып іздеп саялы дария, салқын бақ;
көгілдір жанарлы көлдерді аңсаған қ...
Бұл бетте «Жезқазған» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көк мөлдір аспанды мекенім!
Көгіңнен сенің қайтқанда қаздар қаңқылдап,
шарқ ұрып іздеп саялы дария, салқын бақ;
көгілдір жанарлы көлдерді аңсаған қ...
Дүние ғапыл, өткінші тағдырың-ай,
кім шығарған жалғанда заңды бұлай?
Болды-толды, өмірден өтті-кетті...
Жер бетінде жүрсе етті жан құрымай.
Сенің көзің көк те емес, қара да емес -
қой көзді деп атайды мұндайларды.
Ол көздердің оты да ғажап емес,
бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Қасаңсып кеткен кезімде
қайрақ тастардай қашалған,
кездесіп, сендік сезімге,
көзіме балқып жас алғам!
Шаттық қайда, ән қайда аласұрған?
Түндер қайда ұйқыны таң асырған?
Байланғандай тіл-аузым тұншығамын
шалға тиген байғұстай шарасыздан.
Өзіңменен жүрегім егіз менің,
түндер бойы қарманып сені іздедім -
жоқсың. Сонда еске алдым қимастықты
тағдырдың желі үзгенін.
Серік
Күшті айтылған өлеңдер