Өлең, жыр, ақындар

Арды ойла

Сенемін саған жарық күн,
Бақытқа лайық ғаріппін.
Жүрегім соғып тұрғанда,
Түндігін тілсем тамұқтың.

Жақсымен жаман ауысқан,
Төзімді тарлық тауысқан.
Жалғандық жапқан жамылғы,
Санаға сіңіп жабысқан.

Арамдық сүйреп сүлдені,
Жауыздық жайлап гүлдеді.
Мейрімін төгіп "үлкендер"
Кішіге қарап күлмеді.

Кешіккен бақыт көшінен,
Көздерді көрсем күрсінем.
"Бармақтай" ғана бақытын,
Бағаламайтынның "есі кем"

Бəріне бастау болатын,
Таза ниетті сағатың.
Балаға қалар қазынаң
"Жақсы атың" азық алатын.

Жылдарың жылжып өткенде,
Толғандырмас, көктем де,
Тəнің түсетін топырақ-
"Төсегіңе" жеткенде...

Тарлықта қалар жанды ойла!
Бауырменен жарды ойла!
Ұрпағың ұран қылатын,
Артыңда қалар - Арды ойла!

#жүректегіжазбалар
#Алтынай_Алиева 30.11.2018ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күлімдеймін

  • 0
  • 0

Күлімдеймін.
Мен жылағым келгенде.
Күлімдеймін. Сен көкірек кергенде.
Көп адамдар елемейді ау əйелдің,

Толық

Өмір. Өлшем. Өлең

  • 0
  • 0

"Секундқа" озық ой сияды,
Ұшқыр ғой адамның қиялы.
Сынақтай сыбаса секундтар,
"Қас - қағым" өмірді қияды.

Толық

Уайымдаймыз несіне?!

  • 0
  • 0

Уайымдаймыз несіне?! Түңілеміз,
Шешім іздеп сан - саққа жүгінеміз.
Пешенеңе қашалған тағдырыңның,
Тұз дәміне бұйырған бүгілеміз.

Толық