Жаңа жылдағы ескі мұң – Жомарт Калмуратов

Бұл бетте «Жаңа жылдағы ескі мұң» атты Жомарт Калмуратов жазған мұң туралы өлең берілген.

... Келіп қалды тағы бір жыл жаңарып,
Жаңа жылда жаңарады бəрі анық.
Бірақ, бірақ... Біздің сезім қап қойды,
Ескі жылда қамалып...

Ескі сезім...
Ескі бақыт...
Ескі үміт...
Жүрегімде əуені тұр естіліп.
Жаңа жылдың таңы атса да бүгін де,
Ескі жылды ойлап жүрмін кешкілік.

Менің жаңа күндеріме аялы,
Ескі сезім жабырқау мұң жаяды.
Күндер ғана жаңарады демесең,
Мендегі күй баяғы... Сол мұңдар ғой жанда нұрды кеміткен,
Зор мұңдардан көңілімде көрік кем.
Жаңарса да жалғандағы уақыт,
Мендік сезім жаңармайды неліктен?

Жаңармайды... Жүрек ескі, себебі,
Ескі жүрек - ескі сезім дерегі.
Жаңа жылда жүргенімен, бұл жүрек -
Ескі жылдан əлі естелік тереді.

Түрегелсең, құлататын заңы əзір,
Өмір деген - əр жыл сайын дара жыр.
Көнермейтін көне жылдан қашып ем,
Жаңармайтын шықты алдымнан жаңа жыл...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар