Жарыма – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Жарыма» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жарыма.
Сен менің асыл жарымсың,
Қабырғаң маған бұйырған.
Тілектес жүрек жанымсың,
Құтқарған талай қыйыннан.

Сен менің жақсы досымсың,
Сырменен ойды бөліскем.
Жақсы мен жақсы қосылсын,
У менен балды бөле ішкен.

Сен менің асқар тауымсың,
Өзендей ақтым еркелеп.
Мәуелі жасыл бауымсың,
Бұтаңа қонғам ертерек.

Биікке қоям өзіңді,
Мен үшін тұлға, батырсың.
Сөндірмей өтсек сезімді,
Алладан кейін жақынсың.

Алтынай Алиева.
#жүректегіжазбалар
13. 11.2015ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері