Не силар деп атар таңдар келесі – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Не силар деп атар таңдар келесі» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Не силар деп атар таңдар келесі,
Есерліктің ербеңдеді елесі.
Ысқырып кеп көкірегіме қадалды,
Уға малған қара тілдің жебесі.

Көңілімді баса алмастан тасынған,
Риясыз мен бәріне бас ұрғам.
Күліп тұрып гүл қадаған кеудеме,
Сұқ көздер ай сұмдықтарын жасырған.

Қасіретті күйін кешіп ғазалдің,
Бұратыла биін билеп ажалдың.
Мен сапасыз тауарына айналғам,
Көңіл деген шайтаны көп базардың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері