Сен даланың ақ бұлты едің – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Сен даланың ақ бұлты едің» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 754
Сен даланың ақ бұлты едің,
Мен қаланың самалы едім.
Көзе толы шарбат сынды,
Сырға толы жанар едім.
Аспанға ұшып кетсеңдағы,
Аңсап іздеп табар едім.
Сен көңілдің аспаны да,
Мен еркіндік жұлдызы едім.
кенет бірақ…
ессіз құйын есігімді ұрғылап,
керең болып қалды бір сәт бұл құлақ.
Тағдырыңның ноқтасына байланып,
Сен алыстап кете бардың бұлдырап.
…деймін бір күн іздеп сені табармын,
Сағынштың сал жырына салармын.
Сен жоғалсаң жұмық күйде қалармын,
Сенің ғана елесің бар жанармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері