Өсекшіге – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өсекшіге» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 941
Бәрiн де естисiң.
Бәрiн де көресiң.
Естiп, көрмесең –
Өлесiң.
Жетпей желкең қиылғыр-ай.
Көзiңе – құм,
Құлағыңа балқыған
Қорғасын құйылғыр-ай.
Жұрттың басына қаншама
Бұлт үйiрiп
Едiрең қақтың-ай!
Қарның ақтарылып,
Iшегiңе оратылып
Өмiрем қапқыр-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері