Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар Шаханов алпысқа келді

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 659
Маңдайында – Желтоқсанның! –
Ұйып қалған қаны бар
Горбачевпен айқасқан,
Талай-талай әңгүдiк
Жандайшаппен шайқасқан
Мұхтар Шаханов
Алпысқа келдi.
Елi мен жерi үшiн
Шiренiп жатқан —
Шынжырларыңды! —
Үзiп кететiн;
Шалқайып жатқан
Шың-құздарыңды
Бұзып кететiн;
Жалғыз жалау боп
Топқа кiретiн;
Алау-далау боп
Отқа кiретiн
Мұхтар Шаханов
Алпысқа келдi.
Халқын ойлаған кезде
Бұрқырап.
Тасып кететiн;
Арнасынан асып кететiн;
Өлеңдерi!
Таудан аққан – селдей боп! –
Жүйткiп жататын;
Аңғардан соққан –
Желдей боп! –
Ұйытқып жататын
Мұхтар Шаханов
Алпысқа келдi.
Күшiнде – өлмейтiн! –
Айқасы бар;
Iшiнде – сөнбейтiн! –
Жайтасы бар;
Әлемдi аралап
Самғап жүрген;
Отырарын –
Қайырхан бабасындай
Шыңғысханнан! –
Қорғап жүрген
Мұхтар Шаханов
Алпысқа келдi.
Жаны жақсылыққа
Елжiреп тұратын;
Елi
Ержүрек тұтатын
Мұхтар Шаханов
Алпысқа келдi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрудi маған жазбаған

  • 0
  • 0

Жүрудi маған жазбаған
тымырсық күндей тым-тырыс
Жел болып шалқып,
теңiз боп толқып қозғалам.

Толық

Жұмбақ

  • 0
  • 0

Бір жұмбақ айтайын —
Шешсең —
Мына менен
Қалайтыныңды ал.

Толық

Тынышыңды алам мен Сенiң

  • 0
  • 0

Тынышыңды алам мен Сенiң,
Сенiң де,
Сенiң,
Сенiң де –

Толық

Қарап көріңіз