Сен қайғыға батқан кезде – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Сен қайғыға батқан кезде» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 742
Сен қайғыға батқан кезде
Айықпадым мұнардан.
Сен жылы сөз айтқан кезде
Күлім қақты күн алдан.
Сен қиналсаң мен де бірге
Ауыр мұңға батамын.
Тілдің дәмін бергеніңде
Бақыт балын татамын.
Сен жыласаң
Мен де жылап,
Сен қуансаң – қуандым.
Сен құласаң,
Мен де құлап,
Сосын қайта тұрармын!
Қалай бұдан аман қалам,
Қиналмай да, ойланбай.
Тағдыр мені
Саған ғана
Байлап-матап қойғандай.
Таба алмадым – мен амалын
Сенсің құштар – ынтығым...
Түсіне алмай келем әлі
Махаббаттың сиқырын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері