Қыс керуен қойнауына ауғанда
- 0
- 0
Қыс керуен қойнауына ауғанда,
Құс жолынан ақпа-жұлдыз жауғанда,
Алқа баудай тізбектелген шоғырдан,
Алтыбақан әткеншегін салғанда.
Бұл бетте «Алаша көл» атты bagilaesenbaeva жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыс керуен қойнауына ауғанда,
Құс жолынан ақпа-жұлдыз жауғанда,
Алқа баудай тізбектелген шоғырдан,
Алтыбақан әткеншегін салғанда.
Қасиетті сөздерден жыр ұғынып,
Қазағымның дастанын мың ұғынып,
Ұлы дала ұрпағын ұлықтаумен
Не екенін ұғындым ұлылықтың.
Өлең үшін жүректің жары тұнған,
Қазағымда ақын жоқ ұмытылған.
Қайталанбас дара жан, Абай ата,
Ұқсамайтын ешкімге Ұлы тұлғам!
Модератор
Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек. Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.