Үш бидің жер бөлуі
- 0
- 1
Қазақта үш би бопты ел қалаған,
Аузына не айтар деп жұрт қараған.
Әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек би,
Әйтеке – үшеуінен сөз тараған.
Бұл бетте «Ақ маңдайлым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазақта үш би бопты ел қалаған,
Аузына не айтар деп жұрт қараған.
Әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек би,
Әйтеке – үшеуінен сөз тараған.
Бір сөз айтсаң жақсыға,
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға,
Өмірінде ұқпайды.
Өсиет мен айтайын, ағаларға,
Өзімнен жасы кіші балаларға.
Шықпассың еш қызметсіз иман жимай,
Жиылып шайтан, жындар қамаларға.
Түйем жатыр шаңдақта,
Жез бұйдасы ақ мақта.
Жыламай қайтып шыдайын,
Арысым жатыр оң жақта.
Аққу ұшып көлге кетті,
Ақ сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ,
Бәріміз баратын жерге кетті.
Айжан
Осындай қазақ әндердің - халықтық, Затаевич жинап шығарған сборниктен, совет және кәзіргі композиторлардын әндердің, күйлердің ноталарын неге жинақтап, шығармайсыз, соған патент алып, цыфрлындырбайсыз, интернетке шығарып?!. Бұл өте маңызды мәселе!