Жан жүрегім жетім қалған қозыдай – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Жан жүрегім жетім қалған қозыдай» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 785
Жан жүрегім жетім қалған қозыдай,
Сүт сәулесін түнге төкті қозып ай.
Тұл ғаламның түртіндірген бауырын,
Мына өмірдің шыныменен тозығы ай.

Тереземе шағылысты нұрсынық,
Мөлдір шықтан алқа тағып тұр шыбық.
Аласұрып әлде кімді іздеймін,
Кісендеулі көңіліммен күрсініп.

Көркіне шын күлкі силар көктемнің,
Өртке оранған өр күнімді өткердім.
Кешкі шапақ құлазытып жанымды,
Күнде батқан шұғыласын төккен мың.

Жанарымнан шашырады бір ұшқын,
Еркін өскен менде өзімше қырыспын.
Өзегімді теуіп мені бәтшағар,
Жылатпақшы ол
Жыламауға тырыстым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері