Өлең, жыр, ақындар

Репрессия жылдарындағы қазақ зиялыларына арнау!

Қуғындалу басталды,
Сталиннің атымен.
Қырды талай жастарды,
Жалған қағаз хатымен.

Сталиннің жəй күні,
Қағазға қол қойылды.
Еліміздің айбыны,
Бір-ақ сəтте жойылды.

КСРО-мен күрескендер жойылды,
Бір қазаққа бұрғызбады мойынды.
Жөнсіз бірақ кінə тағып япыр-ау,
Неге сонша жалған айып қойылды?

1920-сыншы жылдары,
Ауытқыды,заң орнында тұрмады.
Тұтқындады,атты талай боздақты,
Қазағымның түн ұйқысын ұрлады.

Сол кезеңнен қиямет күн басталды,
Үкімет тоқ,кедей қазақ аш қалды.
Жала жауып қу үкімет орынсыз,
Өзгеріссіз қыра берді жастарды.

Абақтыда көп ақындар шатылды:
Ахмет пен Мырзағали атылды,
Мағжан менен Міржақып та атылды,
Тағы басқа зиялылар атылды,
Қайран қазақ қорғай алмай өз-өзін,
Абыройым бес тиынға сатылды.

КСРО-да қазақ елі бас құрды,
Жалған құжат көп адамға қас қылды
1936.Шығарылып бір үкім,
Жүрекпенен қара көзге жас тұнды.

1937.Тұтқындады Тұрарды,
"Кінəлі"-деп ойлайды кім бұларды?
1938."Халық жауы" атанып,
Жауыз билік атуға үкім шығарды.
 
Қазақ тартты қаншама жыл зорлықты,
Үкіметтен талай көрді қорлықты.
Əйтеуір бір тоталитарлық режім,
Қоғамдағы бар салада орнықты.

Айта берсек бітпес бəрі сан алуан,
Қазақ жұрты босамады қамаудан.
Қайран қазақ үлкен азап көрді ғой,
Ел бастаған Сталиндей адамнан.

Сталинді бұл өмірде мақтаман,
Білмейтіндер əмсе оны жақтаған.
Боздақтарды қайда ендеше қоямыз,
Қазақ деген қалың елі жоқтаған!?

Ойласам кейде осындай өткен шағымды,
Жауапсыздық көп,қарайтып кетед қанымды.
Қайтрып алды,қолдағы құдай барымды,
Жеткізгім келді кеудемде мұң мен зарымды,
Осының бəрі кеудеме сыймай еріксіз,
Запыран болып,жүректен тулап жарылды.

Өткен жандарды жазып та,айтып көркемде,
Өткен өмірді болмайды ойдан өртеуге.
Олар да сенді бүгінгі күннің барына,
Сенейік біз де жарқын болашақ - ертеңге!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар