Қазағым менің – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қазағым менің» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1726
Қалың елім – қазағым менің,
Қаным да сенсің, жаным да сенсің менің.
Маңдайыма тағдыр сыйлаған,
Ғажабым сенсің, азабым сенсің менің!

Қайырмасы:
Байтақ далам, бабамнан қалған,
Шалқыған шалқар,
Атырабыңнан айналдым сенің!
Ата-бабам, анам жаралған,
Аңқыған жұпар,
Топырағыңнан айналдым сенің!

Асыл елім – ардағым менің,
Барым да сенсің, арым да сенсің менің.
Желтоқсанда туын жықпаған,
Намысым сенсің, жеңісім сенсің менің!

Қайырмасы.

Еркін елім – ертеңім менің,
Анам да сенсің, панам да сенсің менің.
Аспанымда күндей жайнаған,
Байрағым сенсің – айбарым сенсің менің!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері